Тігінші үлбірден, жұқа былғарыдан және басқа да материалдардан киімдерді, перчаткалар мен басқа да бұйымдарды тігеді, жөндейді, жаңартады және әшекейлейді, сонымен қатар қалқаларды, желкендерді және кенептерді шығарады. Олар ең алдымен жіп пен инені пайдалана отырып қолмен жұмыс істейді, бірақ кейбір операциялар тігін машинасы арқылы да
жүргізіледі.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− қолайлы ине мен жіпті пайдалана отырып қолмен жарамсыз немесе бүлінген материалдар бөліктері мен киімдерді жөндейді;
− ұстараның жүзін немесе пышақты пайдалана отырып қайта жөндеу үшін киімдерден тігісін шешу;
− детальдардың ерекшеліктеріне немесе түсіне сәйкес жіптерді таңдау не жөндеуге жататын матаның түсі мен тонына сәйкес жіптерді бояу;
− жіп пен инені пайдалана отырып жарамсыз бұйымдарды торлап жамау немесе тігістері сөгілген немесе жыртылған жыртықтарды торлап жамау;
− ілмектерді пайдалана отырып киімдердің теріс жағына түйіндерді тарту;
− матаның жөнделген бөліктерін қалған бөліктерімен ұқсастыққа келтіру үшін жіптерді қайшымен кесу;
− ине мен түрлі түсті жіптерді пайдалана отырып, матаға әшекейлер трафаретімен сыртынан қолмен салынған немесе басылған және толтырылған әшекейлерді кестелеу;
− ине мен түрлі түсті жіптерді пайдалана отырып, тігін машинасы көмегімен немесе қолмен матаға әшекейлерді кестелеу;
− қусырлауға дайындау үшін судың көмегімен былғарыны немесе аяқ киім материалын жұмсарту;
− шляпа, кепи немесе әйелдерге арналған шляпалар секілді бұйымдарға декоративтік жиектерді қусырту немесе жапсыру;
− қолмен қаңқасына қолшатыр матасын тігу, қолшатырды жиналған күйінде ұстап тұру үшін тігістері көмегімен бізге матаны бекіту;
− желкендерді, бастырмаларды, кенептер мен қалқаларды жасау үшін кенептерді, тығыз маталарды және ұқсас материалдарды жасау және жинау.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек