Басқару колледжі-Астана қаласындағы ең үздік кәсіптік орта білім беретін мекеме.15 жыл ішінде біліктілігі жоғары мамандарды дайындап келеді. Басқару колледжі 2000 жылдың сәуір айында Басқару Институтының ректоры экономика ғылымының докторы, профессор Спектор Михаил Давидовичтың қолдауы бойынша ашылды. Колледж үш рет мемлекеттік аттестациядан (2002, 2007, 2013 ж.ж.) өтті. Аттестациядан өту арқылы білім саласында жұмыс істеуге құқықы бар екендігін дәлелдеді.
Педагогикалық құрамы: Колледж жоғары маманданған педагог кадрларымен және көмекші персоналдармен қамтамасыздандырылған. Мында өз ісіне жауапкершілігі мол, белсенді, тәжірибелі және өз ісіне құштар оқытушылар жұмыс істейді. Олардың ішінде 80 - штаттық оқытушылар, олардың 3 – і Қазақстан Республикасының үздік оқытушылары, 1-і Білімнің мәртебелі жұмыскері, 35 жоғарғы және бірінші санаттағы оқытушылар.
Материалдық –техникалық база : Колледж материалдық-техникалық базамен және оқу үрдісімен жақсы қамтылған : "Астана-технопарк" ауданында орналасқан 4 қабатты, жалпы ауданы 2700 кв.м және Жеңіс даңғылында 5 қабатты оқу ғимараттарымен қамтылған; 52 оқу аудиториясы, 12интерактивті жұмыс бөлмесі, қазіргі заманға сай компьютермен жабдықталған 7 жұмыс бөлмесі және «Дизайн», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» , «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандықтарына арналған 6 зерттхана бөлмелері, спорттық және мәжіліс залдарымен жабдықталған.
Жатақхананың болуы: Байсеиітова көшесі 114/2.Тұрғын бөлменің саны – 28
Колледж жетістіктері:
2013 жылдың 12 желтоқсан «Үздік серіктестік – 2013» конкурсының қорытындысы бойынша «Кадрларды алдын –ала дайындау және дайындайтын үздік мекеме» номинациясы бойынша ІІІ орын.
2014 жылдың 26-27 ақпан аралығында қалалық колледждер арасында жалпы білім пәндері арасындағы олимпиадада ІІІ орын.
Мамандықтар бойынша ақпарат:
Бейін: 0500000 –Қызмет көрсету, экономика және басқару
Мамандық: 0516000 «Қаржы (сала бойынша)»
Біліктілік: 0516053 қаржы жұмысы бойынша экономист, қаржы және салық органдарында жұмыс істеу үшін
Мемлекеттік тапсырыс бар
Жұмысқа орналастыру аталған мамандық бойынша орта есеппен 85%
Бейін: 0200000 – Құқық
Мамандық: 0201000 «Құқық негіздері»
Білктілік: 3 заңгер кеңесші сот, сот орындаушылар департаментінде, нотариалды кеңселерде және салық органдарында жұмыс істеу үшін
Мемлекеттік тапсырыс жоқ
Жұмысқа орналастыру аталған мамандық бойынша орта есеппен 90%
Бейін: 0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару
Мамандық: 0518000 «Есеп және аудит (сала бойынша)»
Біліктілік: бухгалтер – аудитор, бухгалтерлік, статистикалық және салық есебі, экономикалық және қаржы-шаруашылық қызметті бақылау және талдау үшін, аудит бойынша
Мемлекеттік тапсырыс жоқ
Жұмысқа орналастыру аталған мамандық бойынша орта есеппен 91%
Бейін: 0400000 – Өнер және мәдениет
Мамандық: 0402000 «Дизайн (сала бойынша)»
Біліктілік: дизайнер, дизайн жарнамасы саласында, киімдерді үлгілеу және жобалау, интерьер дизайны, архитектуралық орта дизайны үшін
Мемлекеттік тапсырыс жоқ
Жұмысқа орналастыру аталған мамандық бойынша орта есеппен 92%
Бейін: 0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару
Мамандық: 0512000 «Аударма ісі» (түрі бойынша)
Біліктілік: аудармашы, мемлекеттік мекемелерде, туристік, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық фирмаларында, елшіліктерде, шетел компанияларында, қоғамдық және халықаралық бірлестіктерде жұмыс істеу үшін
Мемлекеттік тапсырыс жоқ
Жұмысқа орналастыру аталған мамандық бойынша орта есеппен 90%
Бейін:0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару
Мамандық:0506000 «Шаштараз өнері және сәндік косметика»
Біліктілік: 0506063 суретші – модельер, ірі салондар мен шаштараздарда жұмыс істеу үшін
Мемлекеттік тапсырыс жоқ
Жұмысқа орналастыру аталған мамандық бойынша орта есеппен 92%
Бейін: 1200000- Өндіріс, монтаждау, құрылымдарды салу және жөндеу (сала бойынша)
Мамандық:1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»
Біліктілік: модельер – құрастырушы,әр түрлі тігін бұйымдарын үлгілеп және шығаратын ательелар мен фабрикаларда жұмыс істеу үшін
Мемлекеттік тапсырыс бар
Жұмысқа орналастыру аталған мамандық бойынша орта есеппен 92%
Бейін: 1300000- Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар
Мамандық: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Біліктілік: техник – бағдарламашы, есептеуіш орталықтарында, түрлі министрліктердің, департаменттердің ақпаратты өңдейтін бөлімдерінде, өнеркәсіп, фирмалар мен коммерциялық құрылымдарда жүмыс істеу үшін.
Мемлекеттік тапсырыс бар
Жұмысқа орналастыру аталған мамандық бойынша орта есеппен 95%
Бейін: 0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару
Мамандық: 0507000 «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру»
Біліктілік: қызмет көрсетуші менеджер, қонақ үй шаруашылығы бөлімдеріндегі персоналдарды басқару қызметтерін жоспарлау және ұйымдастыру, валютамен және төлем құжаттарымен сауатты жұмыс істеу және корреспонденцияларды мемлекеттік,орыс,ағылшын тілдерінде жүргізуЖұмысқа орналастыру аталған мамандық бойынша орта есеппен 93%.
Бейін: 0900000- Энергетика Мамандық:
Мамандық 0902000 «Электроснабжение»
Біліктілік: техник-электрик, ішкі электрмен жабдықтау желілерімен жұмыс. Мемлекеттік тапсырыс жоқ Жұмысқа орналастыру аталған мамандық бойынша орта есеппен 92%.
Бейін: 1300000- Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар
Мамандық: 1306000 Радиоэлектроника және байланыс Біліктілік: техник-механик, кино, теле және бейнежабдықтардың жаңашығарылған түрлерінен хабардар болу, кино, теле және бейнежабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу Мемлекеттік тапсырыс бар
Жұмысқа орналастыру бірінші жыл күтілуде.
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі :
• 11 сынып бітіргені туралы атестат
• (9 сынып бітіргені туралы куәлік);
• 3*4 көлеміндегі 8 фотосурет
• Ф-086 У медициналық анықтама, прививкалар
• картасы, флюрографиялық суреті;
• Тұрғылықты жерінен анықтама;
• Әскери комиссориатқа тіркеу куәлігінің көшірмесі;
• Жеке бас куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәлік);
• Сертификат (ҰБТ);
• Папка (скоросшиватель).
Мекен - жайымыз:
Анықтама телефондары : 28-03-90, 31-83-49, 31-10-14, 38-46-97
факс: 31-10-14
e-mail: bk-astana.kz
2025 ж. 1 қыркүйек
Өз пікіріңізді қалдырыңыз, мүмкін, бұл басқа жастарға таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар, сіздің бағалауыңыздан біздің рейтингіміз қалыптасады.
Пікір қалдыру